Қаралы хабарды Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында жариялады
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеу баласы Әділжан Юсупов қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әділжан Юсупов – продюсердің әпкесі Бағым Мұхитденованың күйеуі.
Қаралы хабарды Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында жариялады.
«Бүгін Алдикпен қоштастық. Сен жақсы адам, дос, күйеу, әке бола білдің. Біз сені жақсы көреміз. Кеудемізде жүрегіміз соғып тұрғанша сені ұмытпайтын боламыз. Иманды бол», - деп жазды Баян Мақсатқызы.