Сот үкімі жарияланды
Ақтауда бюджеттің 9 млн теңгесін жымқырған балабақша бухгалтері 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректері анықталғанын мәлімдеді.
«Талдау барысында №39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталды.
Көрсетілген дерек бойынша сотпен есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 3-б. 1) т. үкім шығып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.