Қазақстаннан Венгрияға тікелей рейс ашылады

Автор: Асыл Арман

Ұшақтар аптасына екі рет ұшады

Фото: istockphoto.com

Қазақстаннан Венгрияға тікелей ұшатын рейс ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 27 мамырынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

«Рейстер «Boeing 737» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр», - делінген министрлік хабарламасында.