Ақтөбе облысында кен орнынан 12 вагон «әлеуметтік» газ ұрлаған бір топ адам қолға түсті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Олардың бәрі газ өндіру саласындағы компанияда жұмыс істейді

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе облысында кен орнының аумағынан «әлеуметтік» газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, күдіктілерді полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп өткізді.

Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінде жұмыс істейді.

«Күдіктілер есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.