Ол жинауға мүмкін 9.0 ұпайдың барлығын жинаған
17 жасар Сая Қыдырәлі ағылшын тілін 6 жасынан бастап оқып, 9 жасында сабақ берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
16 жасында халықаралық тестілеуден 8.5/9 ұпай жинаған бойжеткен IDP IELTS пен Британдық кеңестің ресми серіктесі атанды.
Араға бір жыл салып Сая Қыдырәлі тестілеуден ең жоғарғы ұпай жинап, әлемдік рекордты жаңартты. Ресми статистика бойынша, бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ы ғана қол жеткізе алады.