«Алданса – күресіп шыңдалады»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған келініне көмектеспейтінін ашық айтты

Автор: Дәуренқызы Алма

Продюсер жұрттың сынына жауап берді 

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Продюсер Гүлзира Айдарбекова 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылған келініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өнер иесі алдымен ұлының Қытайдағы концерттік сапары туралы айтты.

"Қытайдың 17 қаласында 10 жылдан аса концерт өткізгенбіз. Үрімші, Тарбағатай, Алтай өңірлерінен бастап жылда сұраныс көп болады. Ол жақта қандасымыз өте көп. Бүкіл жергілікті тұрғындар қалмай келіп, ине шаншар орын болмайтын. Алдағы уақытқа шақырту алдық", – деп жазды продюсер.

Алайда желі қолданушылары "үлкен келіні мен немерелері пәтер жалдап жүргенде, концерт ұйымдастырудың қаншалықты қажеті бар?" деп сынай бастады.

Гүлзира Үсенқызы бұл пікірлерге жауап беруден қашпады.

"Үйді сіз алып бермейтін шығарсыз?! Айналып келгенде жағдай жасайтын біз ғой. Бүгін болмаса ертең болар?! Алданса – күресіп шыңдалады. Жас емес, күресіп көрсін, піссін, нәтиже шығарсын. Одан жаман болмайды. Түбі қарап қалмаймыз. Ұрпақ – менікі. Сіз былықтырып, от үріп жайыңызға кететін адамсыз. Сол үшін керексіз жерге мұрын тығып, тіміскіленбеңіз. Өзіңізде бәрі жақсы болсын, елді мүсіркейтін құдай емессіз. Біреудің отбасына есі кеткен түседі", – деп жауап қатты продюсер.