Доллардың дәл қазіргі сәттегі құны қандай

Автор: Асыл Арман

5 ақпандағы доллардың ресми бағамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,14 теңгеге төмендеп, 515,97 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 5 ақпандағы доллардың ресми бағамын 520,27 теңге етіп белгіледі.

Kurs.kz сайтының хабарлауынша, дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 517,08 теңгені, ал сату бағамы 519,23 теңгені құрап отыр. Астанадағы валюта айырбастау орындарында долларды орта есеппен 515,62 теңгеден сатып алып, 521,62 теңгеден сатуда.