«Ысырап емес пе?»: келіншегіне алып гүл сыйлаған ер адамның видеосы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Видеода гүлден бөлек, шоколадты құлпынай қорабы сыйға берілгенін көруге болады

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде келіншегіне алып гүл шоғын сыйлаған ер адамның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода келіншегіне алып гүл байламын және шоколадты құлпынай қорабын сыйға берілгенін көруге болады.

Мұндай сыйлыққа қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, енді бірі ысырапқа теңеді.

«Ысырап емес пе?», «Не керегі бар, құр солып қалады», «Гүл екенін қайдан білді, дайындалған видеолар қызық емес», «Біз ешқашан алмайтын шығармыз, мұндай гүлді», «Демек сол гүлге лайықты жансыз», «Ысырап деп жазып жатқандар, айналайындар-ау, қашан қоясыңдар осы көре алмаушылықты», «Аллаға шүкір, әкелерің керемет адам болып тұр ғой», «Алла бағыңызды ашқан әйел екенсіз», - деп жазды желі қолданушылары.