Зерттеу нәтижелері омега-3 қоспаларының биологиялық жасқа әсер ететінін көрсетті
Жақында жүргізілген DO-HEALTH зерттеуі омега-3 қабылдау ағзаның қартаю процесін бәсеңдететінін дәлелдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy nature.com сайтына сілтеме жасап.
Үш жылға созылған зерттеуге 777 адам қатысты:
Ғалымдар тәулігіне 1 грамм омега-3 май қышқылын тұрақты түрде тұтыну биологиялық қартаюды бәсеңдететінін анықтады. Үш жылдық бақылау нәтижесінде омега-3 қабылдаған қатысушылардың биологиялық жасы орташа есеппен 3-4 айға қысқарған. Бұл оның ағзадағы қартаю процестерін реттейтін эпигенетикалық сағатқа оң әсер етуімен байланысты.
Зерттеу барысында тек D дәруменін қабылдаудың айтарлықтай әсері байқалмаса да, ол омега-3 және тұрақты жаттығумен үйлескенде жасартатын әсерін күшейтетіні анықталды. Бұл үш факторды біріктірген қатысушылар қартаюдың негізгі маркері бойынша ең жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Ғалымдар қартаюды бәсеңдету үшін келесі әдеттерді ұстануға кеңес береді: