Mitsubishi Delica апаттан аударылып қалған
Омбы-Майқапшағай тас жолында бір уақытта бірнеше апат болды. Олардың бірінде бес көліктің соқтығысуынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысындағы ауыл маңында болған жол апатында бес көлік соқтығысты. Облыстық ПД мәліметінше, жеңіл автомобильдер мен ауыр жүк көліктері соқтығысқан. Нәтижесінде Mitsubishi жолаушысы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Жаңа-қала ауылының дәл осы жолында Mitsubishi Delica жүргізушісі рульге ие бола алмай, Lada Priora-ға соқтығысқан. Салдарынан өзі аударылып қалған.
«Көлік құралына зақым келтірген жол ережесін бұзғаны үшін Mitsubishi жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды», - деп хабарлады облыстық ПД.