$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2020, 09:26
Жаңалықтар

Қарағанды облысында 43 адамнан коронавирус анықталды

Қазір таңда облыста вирусты жұқтырған 705 адам тіркелді

Қарағанды облысында 43 адамнан коронавирус анықталды

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 43 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 43 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген азаматтар скрининг барысында және вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

«Науқастар ішінде Қарағанды қаласында – 18 адам, Теміртау қаласында – 19, Саран қаласында – 2, Абай ауданында – 2 және Шет ауданында 2 адам бар. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.  

Қазір таңда облыста вирусты жұқтырған 705 адам анықталды, оның ішінде 3 науқас қайтыс болған және 193-і жазылып шыққан.
 

Серіктес жаңалықтары