$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2020, 04:47
Жаңалықтар

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше облыста 38-40 градус қатты ыстық болады

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 мамырда Жамбыл облысында күн күндіз 40°С-қа дейін ысиды. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күшітүнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады деп болжанып отыр. Өскеменде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады. Семей қаласында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20 м/с болатын жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел соғады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде+410С ыстық болады. Түркістан қаласында күндізшығыстан 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы 410С ыстық болады.

Қызылорда облысында 44°С ыстықболады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с болады және шаңды жел тұруы мүмкін.

27-28 мамырда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 35-39 градус ыстық болады. Күндіз 27-29 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38-40 градус қатты ыстық болады.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-100%.

Серіктес жаңалықтары