$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Шымбұлақтағы төбелес»: іріткі салған 5 адам ұсталды

Оқиға бойынша "Бұзақылық" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды

«Шымбұлақтағы төбелес»: іріткі салған 5 адам ұсталды
Фото: видеодан кадр

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында қонақтар мен қызметкерлер арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан.

Курорт әкімшілігінің мәліметінше, алдымен ауызша кикілжің туындаған. Кейін жағдай ушығып, төбелеске ұласқан.

«Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның объективті мән-жайлары анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

«Шымбұлаққа» демалуға келген бір топ турист кассирдің жұмысына қанағаттанбай, оны балағаттап, ақыр соңында төбелес шығарғанын еске саламыз.

«Шымбұлақ» әкімшілігінің түсіндіруінше, шетелдік қонақтардың картасында (ски-пасс) қаражат таусылып, оны толтыру үшін кассаға келген. Кассир осы жұмыс бойынша уақытша орынан кетіп қалады. Туристер кассирді күтіп тұрғанына ашуланып, ұрысып, балағаттай бастайды. Аз уақыттан соң кассир қайтып оралады да оларға қызмет көрсетуін жалғастырады. Бірақ туристердің бірі ашуын баса алмай, кассирге тиісіп, қорлап сөйлеуін тоқтатпайды. Қызметкер мен қонақтың арасында төбелес шығып кетеді.

Серіктес жаңалықтары