Отарда 40 жылдай бұрын құрастырылған вагон рельстен шығып кетті

Автор: Асыл Арман

Оқиға 3 ақпан күні сағат 12:20-да болған

Отар станциясында пойыз вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 3 ақпан күні сағат 12:20-да болған. Отар стансасында 1988 жылы шығарылған жүк вагоны рельстен шығып кетті. Ол жеке компанияның меншігінде.

«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Рельстен шығып кету басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ», - деп сендірді ҚТЖ.

Айта кетейік, өткен демалыста Қарағандыда жүк пойызының вагоны рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.