02.02.2025, 20:49
Жаңалықтар
Қарағандыда жүк пойызының вагоны рельстен шықты
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Фото: istockphoto.com
1 ақпанда сағат 15:30 шамасында Қарағанды-Сортировочная станциясында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
«Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға барысында ешкім зардап шекпеген.
«Алдын ала мәлімет бойынша, вагонның рельстен шығуына оның бүйір жақтауының сынуы себеп болған. Апатқа ұшыраған вагон Өзбекстанға тиесілі», – деп хабарлады ҚТЖ өкілдері.
Оқиғаның нақты себебі анықталуда.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды