«Көшеде есінен танған қызды зорлап кеткен»: Алматыда такси жүргізушісінің қатысуымен болған іс қаралады

Автор: Дәуренқызы Алма

Қоғам белсенділері тергеудің әділ жүргізілмегенін айтады

Фото: istockphoto.com

Алматыда 2023 жылғы маусым айында такси жүргізушісі зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты сот отырысы өтеді. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәрі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy

Белсендінің айтуынша, тергеу бір жылға созылып, көптеген заңбұзушылықтар орын алған, сондықтан әділ үкім шығарына күмән бар.

«Таңертең такси жүргізушісімен зорланған Милена соты болады. Ол оны есінен танып құлаған жерінен алып кетіп, жалдамалы пәтерде зорлаған. Айыпталушы пәтерді бұрын да қолданған, үй иесі оны таниды. Басында шындығын айтып, көлікте ұйықтап жатқан қызды көргені жайлы куәлік еткен ол кейін «қыз екеуі темекі шегіп тұрды» деп ойын өзгертті. Милена мүлдем темекі шекпейді.

Одан қалды қорғаушы жәбірленушіні жерден алып жерге салды. Оның не жазығы бар? Құлап қалған адамды ауруханаға жеткізудің орнына зорлаған адам сонда кінәсіз бе? Онымен қоймай, қолындағы бар алтынды сыпырып алған», – деп жазды Таңсәрі.

Оның айтуынша, полиция қылмысты адам ұрлау, зорлау және ұрлық ретінде қарастыруы тиіс болған, алайда жәбірленушінің арызы бастапқыда қараусыз қалған.

«Сот әділ үкім шығарарына еш кепілдік жоқ. Басты дәлелдер – биоматериалдар жиналмады, оқиға орнын тексеру жүргізілмеді, қылмысқа қатысты айғақтар алынбады. Тіпті, такси жүргізушісінің қызды қалай көтеріп әкеткені түсіп қалған бейнежазба тергеу ісіне қосылмаған», – деп жазды қоғам белсендісі.

Ол жұртшылықты сот процесіне қатысып, жәбірленушіге қолдау білдіруге шақырды.