Қостанай облысында 2 бала қар құрсауында қалған

Автор: Дәуренқызы Алма

Әкесі балаларын балық аулауға ертіп шыққан

Фото: istockphoto.com

Қостанай облысы Қарасу ауданы маңында қар құрсауында қалған көлік құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Әке екі баласын балық аулауға ертіп апарған, алайда қайтар жолда көлігі қалың қарға батып, өздігінен шыға алмаған.

Құтқарушылар шұғыл жетіп, көлікті қардан тазартылған жолға сүйреп шығарды. Жүргізуші дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыс айтты.