Белгілі әзілкеш әрі блогер Елдос Кәдірханов жуырда жасалған маңызды отадан кейінгі жағдайын бөлісті
Ол Instagram-дағы парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, денсаулығындағы өзгерістер мен салмақ қосуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желі қолданушыларының бірі әзілкештің артық салмақ жинағанын байқап, себебін сұраған.
«Оған себеп – ем қабылдау кезінде ішкен дәрі-дәрмектер мен екпелер. 28 күннің ішінде 10 келіге дейін қосыппын. Дәрігерлер ем барысында аздаған салмақ қосуым мүмкін екенін алдын ала ескерткен еді. Дәрілер тәбетімді ашып жіберді, тамаққа құмартып кеттім», – деп түсіндірді Елдос.
Сонымен қатар, әзілкеш қазіргі салмағына қатысты алаңдаушылық білдірмейтінін айтып, әзірге өзін еркін сезінгісі келетінін жеткізді.
«Қазір арықтауға аса ынтам жоқ, біраз уақыт рахаттанып жүре тұрайын», – деп әзілдеді ол.