Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» командасы жеңіске жетті
Бүгін мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар» арнайы жасағы Дубайда өтіп жатқан «SWAT Challenge» халықаралық жарысында тағы бір алтын жүлде еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
24.kz арнасы хабарлауынша, әлем біріншілігінің екінші күні қазақстандық сарбаздар үшін сәтті өтті. «Сардар» құрамасы шартты түрде лаңкестер басып алған нысанға шабуыл жасап, кепілге алынған адамдарды құтқару міндетін жылдам әрі дәл орындады.
Жаттығу шарты бойынша операция 1 минут ішінде аяқталуы тиіс еді, алайда қазақстандық жауынгерлер 53 секундта барлық тапсырманы орындап шықты.
Жарыс нәтижесі бойынша:
Ал жарыстың бірінші күнінде Қазақстан Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» командасы оза шауып, алтын жеңіп алды.
«Сұңқар» арнайы жасағы жарыстың бірінші кезеңін 1 минут 34 секундта аяқтады. Осы уақыт ішінде жауынгерлер кедергілерді еңсеріп, нысанаға дәл тиіп, кепілдегі адамдарды босатты.
«SWAT Challenge» – әлемнің түрлі елдерінің арнайы жасақтары қатысатын беделді жарыстардың бірі.