Ресейде бір күнде 9 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды
Ресейде соңғы бір тәулікте 8915 адамнан коронавирус анықталып, 174 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ға сілтеме жасап.
«8915 жағдайдың 2830-ы Мәскеуде тіркелді. Қазіргі таңда Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 362 мыңнан асты. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Ресей АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр», - деп жазылған ақпаратта.
Басылымның хабарлауынша, Ресейде бір тәулікте 174 адам қайтыс болған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Жалпы, мемлекетте коронавирустан қайтыс болғандар саны 3800-ден асты. Сонымен қатар 12 мыңнан астам адам коронавирустан жазылды. Бұл да рекордтық көрсеткіш.