Ол 20 жаста
Оралда полиция бейнебақылау камералары арқылы есірткі саудасын анықтады. 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Оперативті басқару орталығының операторы тұрғын үй ауласында күдікті топты байқап, патрульдік жасақты оқиға орнына жіберген.
Полиция қызметкерлері 20 жастағы жігітті тексеру барысында оның қалтасынан жасыл-қоңыр түсті, ерекше иісі бар есірткіге ұқсас зат салынған орама тауып алды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, есірткі тарату немесе заңсыз айналымға түсіру әрекеті үшін 80 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.