Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогында күміс жүлде алды
Қазақстандық могулшы Анастасия Городко Канадада өткен Фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Вал-Сент-Ком қаласында өткен жарыста Городко параллельді могул сайысында жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Жартылай финалда ол 2018 жылғы Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лаффонды басып озып, финалға жолдама алды.
Шешуші сайыста Городко АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен бақ сынады. Финалда қарсыласы мықтырақ болып, қазақстандық спортшы екінші орынды иеленді.
Үшінші орынды Перрин Лаффон еншілесе, Қазақстан құрамасының басқа мүшелері де жүлдеге таласты: