Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеу матчында Даниядан жеңіліп қалды

Автор: Дәуренқызы Алма

Қарымта матч 5 ақпанда Қазақстанда өтеді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің үшінші турында Даниямен сырт алаңда кездесіп, 2:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі 6-топтағы турнирлік кестеде Қазақстан мен Армения 4 ұпайдан жинап, көш бастап тұр. Албанияның – 3, Данияның –0 ұпайы бар.

Айта кетейік, топ жеңімпаздары Еуро-2026 финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған 8 үздік команда 2025 жылдың қыркүйегінде плей-оффта бақ сынайды.

Чемпионаттың финалдық кезеңі 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Латвия мен Литвада өтеді.