Мамандар жер асты дүмпулері сезілген жоқ дейді
Қазақстандық сейсмикалық станциялар 1 ақпан күні таңғы 07:05-те Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында болды
ҚР ТЖМ жанындағы « Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 270 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
«Координаттары: 41.038° солтүстік ендік, 78.387° шығыс бойлық. Жер сілкінісінің магнитудасы 4.5, энергетикалық класы 9.8», — делінген сейсмологтардың хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің күші айтарлықтай әлсіз болғандықтан, Қазақстан аумағында сезілмеген.