01.02.2025, 11:48
Жаңалықтар
Қарағандыда құрылыс алаңында өрт шықты
Өрт кеңсе ретінде қайта жабдықталған контейнерден басталған
Фото: ТЖМ
Қарағанды қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің ауласында өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Дүйсембеков көшесінде болған. Өртті Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері дер кезінде сөндіріп, оның таралуына жол бермеген.
Мәлім болғандай, от кеңсе ретінде қайта жабдықталған контейнерден басталған. Жалынның жалпы аумағы 60 шаршы метрді құраған.
«Өрт сөндірушілер қызыл жалынды қысқа мерзімде ауыздықтап, оның көрші контейнерге таралуына жол бермеді. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты