Оқиға Абай қаласында болды
Қарағанды облысының Абай қаласында жер үй алапат отқа оранып, ішінен екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, екі пәтерлі жер үйден шыққан өрт қасындағы қораға өтіп кеткен.
«Өрт сөндіру кезінде ТЖМ құтқарушылары 1971 жылы туған әйелді құтқарды. Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар, өрт салдарынан 1971 жылы туған пәтер иесі орталық ауруханаға жатқызылды.
Өрт сөндірушілер екі пәтерден көлемі 27 литр болатын 2 газ баллонын шығарды Өрт толығымен 80 шаршы метр алаңда сөндірілді», - делінген хабарламада.