01.02.2025, 00:29
Жаңалықтар
Абай облысында қарлы боранда 100-ден астам көлік тасжолда қозғала алмай қалды (ВИДЕО)
Полиция қызметкерлері қазір оқиға орнында
Фото: Видеодан скрин
Абай облысында қарлы боранда 100-ден астам көлік тасжолда кептелісте қалып, қозғала алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, боран мен нашар көріну салдарынан Аягөз қаласынан шығатын жолда 100-ден астам автокөлік кептелісте қалып қойды. Полиция қызметкерлері оқиға орнында, жағдайды бақылап, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Жүргізушілерге сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының нұсқаулықтарына сәйкес әрекет ету ұсынылады. Ауа райы жақсарғанша, полиция көлік колоннасын Семей – Алматы тас жолына дейін алып жүруге дайындық жасауда.
Жағдай толық бақылауда, төтенше қызметтер жол жағдайын тұрақты түрде бақылап отыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)