Концерт ұйымдастырушылары түсініктеме берді
Әлемге танымал әнші K-Maro-ның Астанада жоспарланған концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Концерт ұйымдастырушылары жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«2025 жылдың 1 ақпаны күнге жоспарланған француз-канадалық әртіс K-Maro-ның концерті әртістің келе алмауына байланысты өтпейтінін хабарлаймыз.
Ticketon.kz сайты арқылы сатып алынған билеттің қаржысы автоматты түрде банк карталарыңызға қайтарылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсінік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз», - деп жазды ұйымдастырушылар.