Жезқазғанда қоқыс жәшігінен ер адамның бөлшектелген денесі табылды – дереккөз

Автор: Асыл Арман

Ішімдік ішіп отырғанда өзінен 7 жас үлкен әйел адам пышақтап өлтірген

Фото: istockphoto.com

Жезқазған қаласында қоқыс контейнерінен аяқ-қолы жоқ ер адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Криминальный Казахстан» Telegram арнасының мәліметінше, 1985 жылғы ер адамның денесі 30 қаңтар күні табылған.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 1977 жылы туған әйелді ұстады. Ол өз пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішкен соң жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтіріп, кейін оның денесін бөлшектеп тастаған.

Қылмысын жасыру үшін ол сыбайласымен бірге мүрдені қоқыс контейнеріне апарып тастаған. Қылмыстық қару – пышақ тәркіленді. бабы бойынша тергеу басталды. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды.