Халықаралық іздеуде жүрген адам Ақтөбеде қолға түсті

Автор: Асыл Арман

Ол тонау қылмысы бойынша күдікке ілінген

Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция мәліметінше, қаңтар айында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері тонау қылмысын жасап, құзырлы органдардан жарты жылдан астам уақыт жасырынып жүрген азаматты ұстады.

Өткен жылдың маусым айында ол көшеде Ақтөбе қаласы тұрғынының телефонын ашық түрде тартып алып, қашып кеткен.

Полиция жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті ретінде 49 жастағы ер азаматты анықтап, мемлекетаралық іздеуге жариялады.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жуырда ер адам Ақтөбе қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.