Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді

Автор: Асыл Арман

Университет мемлекеттік қайта тіркеуден өтті

Фото: Instagram/kaznuikz

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне аты аңызға айналған Күләш Байсейітованың есімі берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл Пезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қабылданды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы өткен жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында айтқан болатын. Ал бүгін университет мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі атанды.