Астанада жол ережесін бұзған Семей тұрғыны үйіне жеткен соң жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол үш бірдей бап бойынша жауапқа тартылды

Фото: Видеодан скрин

Астанада Арыс көпірінде жол ережесін өрескел бұзған Семей тұрғыны үйіне жеткен соң жауапқатартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облыстық ПД мәліметінше, ол достарымен бірге Арыс көпірінің көлік жүретін бөлігінде серуендеп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Алайда ол жауапкершіліктен қашып құтылған жоқ.

«LADA PRIORA автокөлігінің жүргізушісі туған қаласына оралған соң, бірден ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

  • Көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау;
  • Белгіленбеген жерден жолды кесіп өту;
  • Көлік құралын тоқтату қағидаларын бұзу.

Көпірде жаяу жүрген жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.