Қазақстанның төрт бірдей облысында жол жабылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

«ҚазАвтоЖол» арнайы хабарлама таратты

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның төрт бірдей облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ өз кезегінде «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ деректеріне сүйеніп, ауа райының нашарлауына (боран, көрінудің шектелуі, қар, жел, көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар төрт учаскесінде жол жабық екенін мәлім етті. Олар:

  1. «Жезқазған-Арқалық-Петропавл»;
  2. «Қызылорда- Жезқазған -Қарағанды-Шідерті-Павлодар»;
  3. «Алма-Тау»;
  4. «Алматы-Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы»

Аталған тасжолдарда автокөлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабық.

«Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартыңыздар және жаяу жүрмеңіздер. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты назарда ұстаңыздар», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.