Ақынның жариялаған видеосына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Түркиядан Алматыға барып, Raim (ред. – Райымбек Бақтыгереев) мен Еркені қонаққа шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтыскер ақын Алматыға оралғанын жазды.
«Бізде тағы да қонақ. Құдай қонақ күтуден шаршатпасын. Бүгін Алматыдамын», - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Ақынның жариялаған видеосына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
«Айнұр қонақжай екен», «Айнұр ханым, Түркияда оқып жүрген студент баламды етке шақырыңызшы, досымен бірге», «Астанаға келсеңіз біздің үйге келіңізші. Қызым сізді өте жақсы көреді», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жуырда Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлда футболшы Бақтиер Зайнутдиновті қонаққа шақырып, арнау арнаған болатын.