Алматыда қамауда отырған күдікті қашып кетпек болған жерінен ұсталды

Автор: Асыл Арман

Мәліметті Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады

Фото: istockphoto.com

Алматыда тергеу изоляторынан күдікті қашып кетпек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәліметті Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.

«Алматының тергеу изоляторында ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынған адам қашуға әрекет жасады», - деп хабарлады ведомство.

Қашқын ұсталды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады, сонымен қатар қызметтік тергеу басталды.