«Түк дауысы жоқ екен»: қазақ әншілерінің караокеде орындаған әні сынға ұшырады (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Өнер жұлдыздарының орындауы желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ

Фото: Видеодан скрин

Желіде бір топ танымал әншінің караокемен орындаған әні жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода әншілер Orda тобының «Белгісіз жан» әнін орындайды. Олардың арасынан Балжан Бидаш пен 2RAR-ды байқауға болады.

Алайда өнер жұлдыздарының орындауы желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ.

«Айқай-шу», «Жай айтса да дауыстарында бір әсер болуы керек қой. Бұл кісілер әнші ғой», «Түк дауыстары жоқ екен», «Ұят-ай», - деп жазды желі қолданушылары.

Тегтер: