Түркияға теңіз арқылы есірткі жеткізген күдікті Алматыда қолға түсті

Автор: Асыл Арман

Ол қылмыстық әрекетін 2021 жылы жасаған

Фото: Polisia.kz

Алматы халықаралық әуежайында 33 жастағы Сербия мен Түркия азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шара ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша жүргізілді. Ер адамға Түркия Республикасының құқық қорғау органдары іздеу салған.

Белгілі болғандай, күдікті 2021 жылы басқа адамдармен бірге Ыстамбұлға теңіз арқылы «кокаин» есірткі затын жеткізуді ұйымдастырған.