Оралда жиһаз салонының менеджері клиенттерін алдап, 5 млн теңгесін қағып алған

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оның 13 адамды ұрлағаны белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Орал қаласында жиһаз салонының бірінде алаяқтықпен айналысқан 26 жастағы әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиһаз салондарының бірінде менеджер болып жұмыс істейтін әйел клиенттерден жиһаз сатып алу сылтауымен ақшасын өз жеке шотына аудартып, қолма-қол төленген сомаларды өзіне алған.

Алдын ала жүргізілген зерттеулерге сәйкес, бұл схеманың салдарынан тұрғындарға келтірілген шығын шамамен 5 миллион теңгені құрайды.

«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 13 эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Полиция қызметкерлері алаяқтық құрбаны болған азаматтарды 102 нөміріне немесе өздерінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция бөліміне хабарласуға шақырады», - делінген БҚО ПД хабарламасында.