Ақмола облысында үш күнде есірткі қолданып, көлік жүргізген 10 адам ұсталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жалпы 30 жүргізуші мас күйінде ұсталған

Фото: freepik.com

Ақмола облысында үш күндік күшейтілген жұмыс барысында есірткі қолданып, көлік жүргізген 10 адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлері жалпы 30 жүргізушіні мас күйінде ұстаған.

«26 қаңтарда «Екатеринбург-Алматы» автожолында полиция қызметкерлері «ГАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру ер адамның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екенін, сондай-ақ есірткіден мас болғанын анықтады. Бұл медициналық қорытындымен расталды: ер адам бұрын марихуананы қолданған. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауға және басқа адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі олардың әрекеттеріне байланысты екенін есте сақтауға шақырады.