Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Бірқатар өңірде боран соғып, көктайғақ болады

Фото: Azattyq Rýhy

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ, тұман және аязды болады деген болжам жасады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада қар, жаңбыр, көктайғақ және боран болады деп болжанып отыр.

Көкшетауда қарлы боран, күндіз көктайғақ болады деп күтілуде.

Шымкент, Тараз, Қарағанды қалаларында, Жезқазған, Ұлытау, Ақмола, Түркістан, Қарағанды, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, қар, көктайғақ болып,жел екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.