Күдіктінің үйінен 2,7 кг кептірілген марихуана және 10 кг қарасора өсімдігі табылды
Қызылорда облысында үйінде есірткі өсірумен айналысқан 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция мәліметінше, Cырдария ауданының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Кейін оны таратпақ болған.
Тінту барысында ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді.
Күдіктіден жалпы салмағы 2,7 кг кептірілген марихуана және 10 кг қарасора өсімдігі анықталды.
Күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.