$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-ның білім саласындағы былық: 30 лауазымды қызметкер жазаланды

Прокуратура мәлімдеме жасады

БҚО-ның білім саласындағы былық: 30 лауазымды қызметкер жазаланды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында тексеру жүргізіліп, түрлі заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәмелетке толмағандар арасында Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамызындағы №348 бұйрығы талаптарына қайшы «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бойынша міндетті сабақтар жүргізілмеген.

«Аталған сабақтарды өткізу ауданның барлық 1200 оқушылар үшін ұйымдастырылмаған.

Еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтар да тіркелді: қызметкерлер ұжымдық шарттармен таныспаған, ал еңбек шартын бұзу кезінде белгіленген нормалар сақталмаған.

Тексеру нәтижесінде 30 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары