Оның ісі сотқа жетті
Ақмола облысының Бұланды ауданында алимент төлеуден жалтару бойынша 2 қылмыстық іс қозғалып, оның бірі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, борышкердің алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұра (ЖШС директоры), өз міндеттерін орындамай, ұзақ уақыт төлемей келген. Нәтижесінде балаларына қарызы 4,5 млн теңгеден асты.
«Іс сотқа жіберілгеннен кейін ғана борышкер толық шығынды өтеп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Алимент жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз», - делінген прокуратура хабарламасында.