Отырыста Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отырыста Қазақстанның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
Сол сияқты жиында премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.