Ол есін жимастан көз жұмды
Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні кешке Павлодарда Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Назарбаев даңғылы бойындағы №34 үйдің ауласында «МАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні байқамай қалып, оны басып өткен.
Ес-түссіз жатқан әйел адам ауруханаға жеткізілгенмен есін жимай көз жұмды.
«Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.