Жапонияда су тасқынынан миллионға жуық адам үйлерін тастап қашты

Автор: Аманалиева Тоғжан

Омати қаласы мен Нагано префектурасына жақын орналасқан барлық күріш алқаптарын толығымен су басқан

reuters

Жапония тұрғындары алапат су тасқынынан зардап шегуде, - деп хабарлайды Euronews. Омати қаласы мен Нагано префектурасына жақын орналасқан барлық күріш алқаптары су астына кеткен.

900 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Нөсер жауын елдің оңтүстік-батысында тұратын халықты әбігерге салды.

Табиғи апат салдарынан 3 адам қайтыс болды. Одан бөлек 180 адам медициналық көмекке жүгінген.

Су алған жерлерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.  

Айта кетейік, Жапонияда 2018 жылы болған су тасқыны мен көшкін салдарынан 150-ден астам адам ажал құшқан болатын.

Сол кезде ел үкіметі апат салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін резервтік қордан шамамен 20 млн доллар бөлінетінін мәлімдеген.