Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерлігіне үміткерлер іздестіріліп жатыр

Автор: Асыл Арман

ҚФФ хабарлама таратты

Фото: istockphoto.com

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымынан Станислав Черчесов қуылғаннан кейін орнына жаңа үміткер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр», - делінген Қазақстан футбол федерациясының хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Станислав Черчесов қызметінен кеткені хабарланған болатын.

Федерация мәліметінше, жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.