Тоқаев Лукашенконы президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Автор: Асыл Арман

Екі елдің президенттері телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.