Тағы да циклон: ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Асыл Арман

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кезекті солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде, 28 қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райының тұрақсыз сипатына алып келеді.

Синоптиктер болжамынша, осыдан кейін Қазақстанның қалған аумағында қар, ылғалды қар және жаңбыр түрінде әртүрлі фазада жауын-шашын болжанады.

«ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында боранмен, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп болжанып отыр. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.