Ол ұлының отбасы ортақ екенін айтты
Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова шетелде демалып жүрген видео жүктеген. Оған оқырманы түрлі пікір жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Пікірлердің арасында «одан да осы ақшаға Жұлдызға үй алып бермейсіздер ме?» деп жазған.
«Неге өтірік парақша ашып жазып отырсың?! Жұлдызға үйді сен алып бермейсің ғой, не алса да біз алып беретін шығармыз. Ұлымның отбасы - біздің де отбасымыз, әр нәрсенің өз уақыты болады. Біреудің отбасынан кір іздеп, неге ақыл айтқышсыңдар? Өз отбасыңда бәрін кемшіліксіз керемет қойып па едің? Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскіленген жаңына ләззат сыйлайды ма?» - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.